Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Мемлекетке масыл болғым келмейді»: Экс-әкім Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бүгін, 3 сәуірде айыпталушы соңғы сөзін айтты. Жақсылық Омар өзіне бас бос

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Мемлекетке масыл болғым келмейді»: Экс-әкім Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бүгін, 3 сәуірде айыпталушы соңғы сөзін айтты. Жақсылық Омар өзіне бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрап, айыппұл салуды өтінді. Еске салайық, 31 наурызда өткен сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ол ірі көлемде алаяқтық және пара алу деректері бойынша айыпталуда.
“Маған бәрін ой елегінен өткізуге жеткілікті уақыт болды. Ең қиыны – ештеңені кері қайтара алмайтыныңды түсіну. Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше, өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін”, – деді Жақсылық Омар соттағы соңғы сөзінде.
Осыдан кейін судья үкім шығарылғанға дейін үзіліс жариялады.

Ұқсас материалдар

«Мемлекетке масыл болғым келмейді»: Экс-әкім Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты · Todayinfo