Мемлекеттік кірістер комитеті жеке банк картасына жиі ақша түсетін қазақстандықтарға ескерту хабарламаларын жібере бастады.
Хабарламалар биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы банк операцияларын талдау нәтижесінде анықталған азаматтарға жолдануда. Олар үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан көп адамнан аударым алған, кәсіпкерлікке арналмаған жеке шотты пайдаланған және жалпы түсімі 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен асқан жағдайда жіберіледі.
Комитет мұндай қаржылық операциялар тіркелмеген кәсіпкерлік қызметтің белгісі болуы мүмкін екенін атап өтті.




