Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

2 наурызда мемлекеттік күзет қызметіне сарбаздар қабылдау басталады

2026 жылғы 2 наурызда барлық өңірлердегі жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлерді іріктеу басталады. Іріктеу 10 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
2 наурызда мемлекеттік күзет қызметіне сарбаздар қабылдау басталады

2026 жылғы 2 наурызда барлық өңірлердегі жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлерді іріктеу басталады. Іріктеу 10 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 сантиметрден жоғары және 195 сантиметрден аспайтын, білімі орта, арнаулы орта немесе жоғары, денсаулығы жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Іріктеуден өткен сарбаздар әскери борышын Астана және Алматы қалаларындағы «Айбын» және «Батыр» президенттік полктерінде өтейді. Олар тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен әскери даярлықтан өтіп, жауынгерлік және арнайы сабақтар барысында әскери мамандықтарды меңгереді.

Мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуге, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ күзетілетін тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік күзет қызметі қатарында әскери борышын өтеу – жас азаматтар үшін үлкен жауапкершілік мектебі. Бұл кезең олардың өмірлік жолында маңызды дағдыларды қалыптастырып, болашақ мансабына негіз бола алады.

Мерзімді қызметті аяқтаған сарбаздар қалауы бойынша келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады. Кейін арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе офицері ретінде күзетілетін тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында еңбек ете алады.

Сонымен қатар мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық әлеуметтік жеңілдіктер қолданылады.

Ұқсас материалдар

2 наурызда мемлекеттік күзет қызметіне сарбаздар қабылдау басталады · Todayinfo