Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Мен – Мисс Қазақстан, енді орамалды келінмін»: Томирис Қакимова ауыл өмірі туралы шындықты айтты

“Мисс Қазақстан – 2022” атағын иеленген Томирис Қакимова өзінің Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты шынайы бейнежазбасымен желі қолданушыларын таңғалдырды. Бейне 1,3 миллионнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желілерде кең таралды, деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпара

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Мен – Мисс Қазақстан, енді орамалды келінмін»: Томирис Қакимова ауыл өмірі туралы шындықты айтты
“Мисс Қазақстан – 2022” атағын иеленген Томирис Қакимова өзінің Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты шынайы бейнежазбасымен желі қолданушыларын таңғалдырды. Бейне 1,3 миллионнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желілерде кең таралды, деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Бейнежазбада Томирис бір жыл бұрын тұрмысқа шыққанын, қазіргі таңда Қызыл-Қақ ауылында тұрып жатқанын айтты. Ол алғашында күйеуін «астаналық стильдегі бизнесмен» деп ойлағанымен, шындық мүлде басқа болып шыққанын әзілмен жеткізді:
«Мен – “Мисс Қазақстан – 2022”, өткен жылы тұрмысқа шықтым. Күйеуім есімін Абиль деп таныстырды. Мен ойладым: астаналық жігіт, бизнес-класс, таңғы асқа смузи. Сөйтсем, ол Қызыл-Қақ ауылынан Әбіл екен. Мұнда смузи орнына – қымыз, Uber орнына – әкесінің тракторы».
Томирис өзінің нью-йорктік биік армандарынан ауылдың қарапайым шындығына бет бұрғанын, және бұл оған бақыт әкелгенін айтты:
«Мен Нью-Йорктегі зәулім ғимараттарды армандадым, ал ол ауылдың батыс жағын айтып жүр екен. Бірақ ол жақ та әдемі – адамдар көңілді, сиыр иісі, керемет көрініс».
Ол күйеуінің үнемі жанында болатынын, тіпті ыдыс жуып жатқанда да бірге отырып көмектесетінін, қалжыңдайтынын айтып, нағыз махаббаттың көрінісін сипаттады. Сән әлемінен алыстағанымен, Томирис бұл таңдауына еш өкінбейтінін айтып, өзін қазір нағыз бақытты әйел ретінде сезінетінін жеткізді:
«Мен – “Мисс Қазақстан”, подиум мен софиттерге үйренгенмін. Енді бауырсақ ұстаған орамалды келіншекпін. Бірақ дәл қазір өзімді шынайы сезінемін. Мен жылтыр өмірден айырылып жатырмын деп ойладым, ал шын мәнінде – ауылдағы, шынайы махаббатты таптым».

Ұқсас материалдар

«Мен – Мисс Қазақстан, енді орамалды келінмін»: Томирис Қакимова ауыл өмірі туралы шындықты айтты · Todayinfo