Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Миландағы тосынсый: Джеки Чан Олимпиада чемпионы Шайдоровқа келді

2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда аты аңызға айналған актер Джеки Чан арнайы келіп құттықтап, тосынсый жасады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Миландағы тосынсый: Джеки Чан Олимпиада чемпионы Шайдоровқа келді

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен гала-концертте көпшілікті таңғалдырды. Қазақстандық спортшы өзінің жарқын нөмірін танымал «Кунг-фу Панда» мультфильмі кейіпкерінің бейнесінде ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Шайдоровтың өнері аяқталғаннан кейін мұз айдынында нағыз тосынсый күтіп тұрды. Оны жеке құттықтауға аты аңызға айналған актер Джеки Чанның өзі шықты. Киножұлдыздың қолында ойыншық пандалар болды.

Бұл кездесу өте жылы лебізде өтті. Алдымен Шайдоров пен Чан бір-біріне шығыс дәстүрімен иіліп сәлем берді, содан соң құшақтасып, қол алысты. Бұл сәтті стадионға жиналған мыңдаған көрермен зор қошеметпен қарсы алды.

Михаил Шайдоров осы Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында сенсациялық нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Оның жеңісі мен ерекше өнері әлемдік жұлдыздардың да назарын аударған сияқты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар