Танымал блогер Мөлдір Анарбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қайырымдылық жобаларындағы кейбір тәсілдерге байланысты пікір білдіріп, аналардың сезімі мен тағдырын пайдалануға болмайтынын ашық айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Жоқшылықпен күн кешіп о
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қайырымдылық жобаларындағы кейбір тәсілдерге байланысты пікір білдіріп, аналардың сезімі мен тағдырын пайдалануға болмайтынын ашық айтты,деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Жоқшылықпен күн кешіп отырған аналарды әдейі жылатып, өткенін айтқызып, эмоция шығартқызып түсіру – дұрыс емес. Ол әйелдің артында ағасы, бауыры, ата-анасы бар. Балалар ертең есейгенде намыстанып қалмай ма?» – деді ол.
Мөлдір Анарбаева кейбір отбасылардың көмек алу үшін ар-намысын жинап, камера алдында көз жасын төгуге мәжбүр болатынын қынжыла жеткізді.
«Бір әйел «жылап берем» дейді, өйткені жағдайын көрсетуі керек. Бұл – адамның тағдыры. Біреудің жүрегімен, эмоциясымен ойнауға болмайды», – деп атап өтті блогер.
Ол сондай-ақ, эмоциямен манипуляция жасамай-ақ, құрметке, қолдауға негізделген басқа әдіспен көмек көрсетуге болатынын айтты.
Мөлдір Анарбаева қайырымдылықтың өзі ақша мен эмоция үшін емес, шынайы адамгершілік пен жанашырлық үшін жасалуы керек екенін айтты. Әсіресе балаларды камера алдында жылатуға мүлдем қарсы екенін білдірді.
«Байғұс қазақтың жетпей жатқан әйелдері баласы үшін арын да жинап, арын да сатып, сіздер үшін жылап отыр. Олардың тағдырын шоуға айналдыру – обал», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Анарбаева Мөлдір Нұрланқызы (@moldir_anarbaeva)