Мөлдір Мұқанова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында қыздарымен арасындағы сенімді қарым-қатынас жайында бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo.
Тележүргізушіден болашақ күйеу балалары қандай болғанын қалайтыны туралы сұралғанда, ол:
«Бұл тақырыпта қыздарыммен жиі сөйлесемін. Бірінші – білімді болуы керек. Сыйлап тұрғаны, жақсы көретіні көрініп тұруы маңызды. Солай айтып отырамын. Қыздарым менен ештеңе жасырмайды деп сенемін. Тіпті кейде қызым Әдемінің кештеріне бірге барып, достарымен де араласамын», – деді Мөлдір Мұқанова.
Сұхбат барысында ол қыздарының достары өзіне жылы қарайтынын, ашық қарым-қатынас орнатуға тырысатынын да айтты.
@dinara_satzhan Мне нравится, как Молдир Муканова реагирует на весь хейт, который сейчас стоит вокруг ее имени. Молдир его монетизирует $. Снимает свой первый фильм, пишет песни и просто наслаждается жизнью. Смотрите на этой неделе мое вечернее шоу ✅ #динарасатжан #интервьюдинарасатжан ♬ оригинальный звук - Динара Сатжан




