Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Моншадағы жанжал: «Төртеуін аласың» деп 13 жастағы жасөспірімді ұрған

Қаскелеңдегі монша қызметкері сэндвич сатып алудан бас тартқан 13 жастағы баланы соққыға жықты. Полиция істі «ұсақ бұзақылық» деп отыр.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Моншадағы жанжал: «Төртеуін аласың» деп 13 жастағы жасөспірімді ұрған

Қаскелеңдегі қоғамдық моншалардың бірінде ересек ер адам 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға туралы баланы анасы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға 9 наурызда Қаскелең қаласындағы «Жетісу» моншасында болған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оның ұлын сол моншада жұмыс істейтін 1998 жылғы жігіт ұрған. Ол сол кезде мас болғаны айтылады.

Мәліметтерге сәйкес, жасөспірім досымен моншаға келіп, екеуіне бір сэндвич сатып алмақ болған. Алайда монша қызметкері одан өзіне және әріптестеріне төрт сэндвич алып беруді талап еткен. Баланың кекесін жауабына ашуланған ол жұдырық ала жөнелген. Бұл сәттің барлығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Баланың отбасы полицияға арызданған. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны «ұсақ бұзақылық» деп бағалаған.

«Алайда жәбірленушінің анасы мұнымен келіспейді. Ол ер адамның әрекетінде қылмыстық сипат бар екенін және оны бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғауды талап етіп отыр», - делінген хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Моншадағы жанжал: «Төртеуін аласың» деп 13 жастағы жасөспірімді ұрған · Todayinfo