Ұлыбританияның Харрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді халықаралық UK First Lego League Championship робототехника чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасына енген Астана мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірден екі басты жүлдені жеңіп алды. Команда робот-ойын санатында 1-орынды иеленіп, чемпионаттың үздік командасы деп танылды.
Жарысқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия, Словакия және басқа елдерден 68 команда қатысты. Халықаралық аренада өнер көрсету құқығын команда Астанада өткен Central Asia First Championship турниріне сәтті қатысқаннан кейін алды.
Робот-ойыннан басқа, қатысушылар artifacts.kz жобасын – Қазақстанның археологиялық артефактілерінің онлайн-базасын таныстырды. Жоба аясында мектеп оқушылары идея мен зерттеуден бастап техникалық әзірлемеге және салалық институттармен өзара іс-қимылға дейінгі толық жұмыс циклін көрсетті. Жоба тек технологиялық деңгейі үшін ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін де жоғары бағаланды.




