Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мұхтар Мағауин қоры ашылды: шығармалары енді әлем тілдеріне аударылады

Қазақстанда жазушы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын қолдауға арналған қор жұмысын бастады. Басты мақсат – жазушы мұрасын зерттеп, әлемге таныту.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Мұхтар Мағауин қоры ашылды: шығармалары енді әлем тілдеріне аударылады

Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің шығармашылық мұрасын сақтауға және насихаттауға арналған Mukhtar Magauin Foundation ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа қордың негізгі миссиясы – жазушының бай мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, оның еңбектерін тереңінен зерттеу және халықаралық аренада танымалдығын арттыру. Осы мақсатта бірнеше бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізілмек.

"Қордың мақсаты — Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын сақтау, зерделеу және әлемдік деңгейде таныту. Біз зерттеу, аударма, баспа және мәдени жобаларды іске асырамыз", - делінген қордың ресми хабарламасында.

Қор қызметінің басым бағыттарының бірі – Мағауин шығармаларын әлемнің негізгі тілдеріне аудару. Бұл қазақ әдебиетінің әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жаңа серпін береді деп күтілуде. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіліп, жазушының туындыларына арналған конференциялар мен мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Мұхтар Мағауин қоры ашылды: шығармалары енді әлем тілдеріне аударылады · Todayinfo