Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мұрат Әуезов өмірден озды

Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің баласы Мұрат Мұхтарұлы дүниеден озды, деп ха

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Мұрат Әуезов өмірден озды
Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің баласы Мұрат Мұхтарұлы дүниеден озды, деп хабарлайды Todayinfo. Қаралы хабарды әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов естіртті.
"Алтынның сынығы да - алтын... Ұлының тұяғы, асылдың сынығы, қазақ мәдениетінің шырақшысы Мұрат Мұхтарұлы да бетін келмеске қарай бұрыпты. Қош, абзал аға, ақылды ұстаз! Алдыңнан жарылқасын!", - деп жазды ол.

Ұқсас материалдар