Мұсылмандарды қорлау: Швецияда тағы да Құран өртелді
Vesti.ru сайтының жазуынша, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады. Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрек

Vesti.ru сайтының жазуынша, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.
Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.
Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.
Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.
Швецияда мұндай оқиғалар бұған дейін де болған
Еске салсақ, бұған дейін Швеция соты тарихта алғаш рет Құранды өртеді деп айыпталған адамға үкім шығарған болатын.
Сотта сотталушы үш жыл бұрын шошқа етіне оралған Құранды өртеп жіберген сәті таспаланған видео жариялағаны анықталды. Ал пеште Мұхаммед пайғамбардың атын қорлайтын ескерту жазылған.
Айыпталушының өзі ешқандай құқық бұзушылық жасамағанын мәлімдеді және әрекеттері исламды дін ретінде сынға алатынын жеткізді.
Сот оны шартты мерзімге соттап, айыппұл салды.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·