Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Науқастың терісін жұлған»: Әзербайжанда ота жасау кезінде тікелей эфирге шығатын хирургтер көбейген

Әзербайжанда соңғы уақытта пластикалық хирургтердің ота жасау кезінде әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізуі жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер қоғамда үлкен дау туғызып, бірқатар дәрігерлердің лицензиясы тоқтатылып, медициналық мекемелерге тексерістер жүргізілді,еп хабарлайды To

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Науқастың терісін жұлған»: Әзербайжанда ота жасау кезінде тікелей эфирге шығатын хирургтер көбейген
Әзербайжанда соңғы уақытта пластикалық хирургтердің ота жасау кезінде әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізуі жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер қоғамда үлкен дау туғызып, бірқатар дәрігерлердің лицензиясы тоқтатылып, медициналық мекемелерге тексерістер жүргізілді,еп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Мәселен, Тебессюм Гурбанова, Руслан Агаев және Эсмира есімді дәрігерлер TikTok арқылы хирургиялық оталарды тікелей эфирде көрсеткен. Соңғы жағдайдың қоғамда ерекше наразылық тудырғаны белгілі – Tuana Estetic Centre клиникасының хирургі бет терісін тарту операциясы кезінде науқастың терісін жұлып алып, оны камераға көрсеткен. Бұл оқиғалар халықтың ашу-ызасын тудырып, науқастардың жеке мәліметтерінің жариялануы мен медициналық процедуралардың контент ретінде пайдаланылуына қатысты сынға ұшырады. Министрліктің аналитикалық сараптама орталығы мұндай жағдайлардың анықталғанын және заңға сәйкес тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, заңға сәйкес, медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс. Тікелей эфир жүргізу немесе жеке науқастардың операциясын жариялау заң бұзушылық болып саналады. Хирургиялық оталарды тек ғылыми-оқыту мақсатында арнайы жабдықталған камералармен түсіруге рұқсат етілген. Осы фактілерге байланысты дәрігерлерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынған. Сонымен қатар, министрдің 2011 жылғы №137 бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы этикалық нормаларға сай, объективті және жарнамасыз болуы тиіс. Науқастар қайда шағымдана алады? Азаматтар жеке медициналық мекемелердегі немесе дәріханалардағы заң бұзушылықтар туралы "Бір терезе" жүйесі, "ыстық желі" (012 596 05 20) немесе pharma.az сайты арқылы шағымдана алады.  

Ұқсас материалдар

«Науқастың терісін жұлған»: Әзербайжанда ота жасау кезінде тікелей эфирге шығатын хирургтер көбейген · Todayinfo