Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Наурызға тарту: Қызылордада 400 отбасы бір күнде жаңа пәтердің кілтін алды

Қызылордада Наурыз қарсаңында кезекте тұрған 400 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Облыс әкімі баспана кілтін салтанатты түрде табыстады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Наурызға тарту: Қызылордада 400 отбасы бір күнде жаңа пәтердің кілтін алды

Қызылордада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында көптен бері баспана кезегінде тұрған 400 отбасы үшін қуанышты күн болды. Қаланың сол жағалауында бой көтерген 10 көпқабатты үйден жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа қоныс иелерін құттықтауға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері арнайы келді. Аймақ басшысы бұл мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жемісті нәтижесі екенін атап өтті.

"Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Қасиетті Рамазан айында, Наурыз мерекесі қарсаңында алған жаңа шаңырақтарыңыздың іргесі берік, керегесі кең, іші татулық пен берекеге толы болғай!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Салтанатты шарада сапалы жұмысы үшін құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, ал қоғам қайраткері Имамадин Оңғарбаев жиналғандарға батасын берді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақта құрылыс қарқыны бәсеңдемеген. Егер өткен жылы 2 477 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 36 млрд теңге бөлінсе, биыл кезекте тұрған азаматтарға 2 400 пәтер беру үшін 55,6 млрд теңге қарастырылған.

Соңғы үш жылда өңірдегі барлық ауданда 1800-ге жуық пәтер тұрғындарға табысталған.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Наурызға тарту: Қызылордада 400 отбасы бір күнде жаңа пәтердің кілтін алды · Todayinfo