Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай бірінші кездесуін өткізді. Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Назым Қызайбай 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Бірінші ке

Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай бірінші кездесуін өткізді.
Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Назым Қызайбай 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Бірінші кезеңде қазақстандық боксшы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Джордана Соррентиномен шеберлік байқасты. Бұл жекпе-жекте Назым Қызайбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (29:28, 29:28: 30:27, 30:27, 28:29) жеңіске жетті.
Назым Қызайбай 1 тамызда 1/8 финалдық кезең аясында бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·