Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Нұрайдың өлімі: Шымкентте полицияның лауазымды қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың арызына селқос қараған полицейлер тергеліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. «ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фак

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Нұрайдың өлімі: Шымкентте полицияның лауазымды қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың арызына селқос қараған полицейлер тергеліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

«ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйектер жан-жақты тексерілетін болады.

Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі»,- деп хабарлады ведомство.

ІІМ мәлімдегендей, қызметтік тергеу жүргізіліп, тәртіптік шара қолданылған.

«Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды»,- делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас материалдар

Нұрайдың өлімі: Шымкентте полицияның лауазымды қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды · Todayinfo