Todayinfo.kz
Түркістан облысыБарлық жазбаларды қарау

Нұралхан Көшеров: Түркістан облысында экономиканы әртараптандыруға басымдық берілуде

Фото: Түркістан облысының әкімдігі Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жау

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Нұралхан Көшеров: Түркістан облысында экономиканы әртараптандыруға басымдық берілуде

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы бекітілген кестеге сәйкес өткен брифингте Президент Жолдауының Түркістан облысында іске асырылу барысына кеңінен тоқталды.

— Бүгін өздеріңізбен бекітілген кестеге сәйкес жүздесіп отырмыз. Осыған орай, Түркістан облысында Мемлекет басшысының Жолдауы қалай жүзеге асырылып жатқанын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап өткім келеді, — деді әкім.

Нұралхан Көшеровтің айтуынша, Президенттің биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағыты нақты айқындалды. Жолдаудың негізгі өзегі — Қазақстан экономикасын инновациялар мен цифрлық технологияларға сүйенген жаңа модельге көшіру.

— Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру міндетін нақты қойды. Яғни ел дамуының негізгі тірегі мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол.

Облыс әкімі аталған бағытта Түркістан өңірінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өнеркәсіптік әлеуетті күшейту мақсатында облыста 20 индустриалдық аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған.

Оның айтуынша, бұл алаңдар инвесторлар тартуға, өңірде заманауи өндірістерді дамытуға және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас материалдар