Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Күдікті 69 жаста: Нығматулиндердің біріне іздеу жарияланды

Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Арғын Зайруллаұлына бүгіннен бастап іздеу салынған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Арғын – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Қарағанды ​​облысы мәслихатының экс-депутаты. Күдікті Мәжілістің экс-төраға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Күдікті 69 жаста: Нығматулиндердің біріне іздеу жарияланды
Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Арғын Зайруллаұлына бүгіннен бастап іздеу салынған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Арғын – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Қарағанды ​​облысы мәслихатының экс-депутаты. Фото: коллаж Sn.kz Күдікті Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулин. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.
«Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы -  прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Ұқсас материалдар

Күдікті 69 жаста: Нығматулиндердің біріне іздеу жарияланды · Todayinfo