Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Нығматулинге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Фото: Курсив Нығматулиндер әулетінің үлкені, Арғын Нығматулинге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Қылмыстық іс 2023 жылдың 7 желтоқсанында Бас прокуратураға берілген,деп  хабарлайды  Todayinfo. Антикор өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Арғын Нығматулинге қатысты

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Нығматулинге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Фото: Курсив Нығматулиндер әулетінің үлкені, Арғын Нығматулинге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Қылмыстық іс 2023 жылдың 7 желтоқсанында Бас прокуратураға берілген,деп  хабарлайды Todayinfo. Антикор өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Арғын Нығматулинге қатысты тергеу жалғасып жатыр, алайда оның жасырынуына жол бермеу үшін қосымша мәліметтер жарияланбайды.
«Қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 186-бабы тәртібінде 7 желтоқсанда Бас прокуратураның өндірісіне берілді. Сондықтан тергеу барысына қатысты пікір білдіре алмаймыз. Бірақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бізге тек іздеу жұмыстары жүктелгенін атап өткім келеді. Іздеу шараларын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырып жатыр. Іздеу жалғасуда», – деді Биғайдаров.
Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Арғын Нығматулин және басқа да тұлғалар күдікке ілінді.
«Соталды тергеп-тексеру шеңберінде А.З. Нығматулин күдікті деп танылды, сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты іздеу жарияланды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Ұқсас материалдар

Нығматулинге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды · Todayinfo