БАӘ Азаматтық авиациясының бас басқармасы елдің әуе кеңістігінде қалыпты әуе қатынасын толық қалпына келтіріп, уақытша сақтық шараларын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл шешім операциялық және қауіпсіздік жағдайларын жан-жақты бағалаудан кейін, сондай-ақ тиісті органдармен келісе отырып қабылданды. Басқарма авиациялық қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін нақты уақыт режимінде үздіксіз бақылаудың сақталатынын атап өтті.
Ведомство өзінің техникалық және операциялық топтарының кез келген туындаған жағдайларға ден қоюға дайын екенін растады.
Бұған дейін ірі транзиттік хаб болып табылатын Дубай әуежайының тоқтап қалуына байланысты әмірліктің экономикасы минутына 1 миллион доллар жоғалтып, күнделікті шығындар жүздеген миллион долларды құрайтыны хабарланған болатын.
Бұл сомаға Emirates әуе компаниясының, транзиттік тасымалдаушылардың, қонақүйлердің, дүкендердің және көлік инфрақұрылымының шығындары кіреді.




