Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Өлсең молда мен құмырысқаға жемсің»: ауылда инфаркт, инсульт алған адамдарға қажетті қымбат дәрілер жоқ

Танымал қоғам белсендісі ауылдағы адамдардың өміріне араша түсетін қымбат дәрілердің жоқтығын айтты. Нұржан Шоқан жас жігітің өмірін арашалап қалған дәрігерлерді мысалға келтіріп, қажетті қымбат дәрілердің жоқтығын көтерді, деп жазады Todayinfo порталы. Ол қажетті кезде шұғыл көм

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Өлсең молда мен құмырысқаға жемсің»: ауылда инфаркт, инсульт алған адамдарға қажетті қымбат дәрілер жоқ
Танымал қоғам белсендісі ауылдағы адамдардың өміріне араша түсетін қымбат дәрілердің жоқтығын айтты. Нұржан Шоқан жас жігітің өмірін арашалап қалған дәрігерлерді мысалға келтіріп, қажетті қымбат дәрілердің жоқтығын көтерді, деп жазады Todayinfo порталы. Ол қажетті кезде шұғыл көмек көрсетпей қайтыс болған адамдарды құдайдан көрмеу керектігін айтты.
«Міне, ғылым деп осыны айтады. 1988 жылы туған жігіт инсульт алып, сол жақ қол аяғы істемей қалған. Дәрігерлер уақытын кешіктірмей мидағы тромбты алып тастап, бұны сау адамдар қатарына қайта қосқан. Ал осы жағдайда құдайға сеніп жата берсең, болмаса, уақытынан кешіксең— мүгедексің. Өлсең—"құдайдың жазған тағдыры" деп, қара жерге көме салады», - деп жазды ол.
Оның айиуынша, ауылдарда инсульт/ инфаркт алған жағдайда жүрек, ми қантамырындағы тромбты таратуға арналған, ең бірінші салынатын "Актилизе", т б инъекциялар жоқ.
«Бұлардың құны 250-450 мың теңге аралығында тұрады. Бары морфи, обезболивающий ғана. Дәрі мен дәрігерге қолың жетіп аман қалсаң жақсы, қалмасаң әуелі молдаға, сосын құрт -құмырсқаға жемсің. Сенің "жаназаң", "жетің", "қырқың", "жылың", "шек шалу", "еске алу" үшін бала-шағаң молдаға ақша төлейді. Сосын "үш күн" жылған туысың да, "бес күн" жылаған қатының да "ұмытады", болды», — деді Нұржан Шоқан.
Фото: скрин  

Ұқсас материалдар

«Өлсең молда мен құмырысқаға жемсің»: ауылда инфаркт, инсульт алған адамдарға қажетті қымбат дәрілер жоқ · Todayinfo