Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Өнерден алыстап кеткен Айдана Меденова хиджапсыз видео жариялады

Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-вокалисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбасымен көпшіліктің назарын аударды.  Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады. Бұл жайт оның өнерге қайта оралғанын аңғартты.Алайда желі қолданушылары үшін

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Өнерден алыстап кеткен Айдана Меденова хиджапсыз видео жариялады
Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-вокалисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбасымен көпшіліктің назарын аударды.  Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады. Бұл жайт оның өнерге қайта оралғанын аңғартты.Алайда желі қолданушылары үшін ең күтпеген сәт Айдана Меденованың хиджабсыз көрінуі болды. Осыған байланысты пікірлер екіге жарылды. Дегенмен, оқырмандардың басым бөлігі әншіні сынға алудан гөрі қолдау білдіріп жатыр. Көпшілік пікірінде:
«Иман тек орамалмен өлшенбейді», «Өнерге оралғаны қуантады», «Өте сұлу» деген жылы лебіздер жиі жазылуда. Айдананың бұл қадамы желіде қызу талқыланып, қоғам назарын өзіне аударды.
Алайда Айдана Меденова хиджабын шешу себебіне қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас материалдар

Өнерден алыстап кеткен Айдана Меденова хиджапсыз видео жариялады · Todayinfo