Қазақстандық ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп жазады Todayinfo порталы. Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, ол Олимпиада чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайы
Қазақстандық ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп жазады Todayinfo порталы.
Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, ол Олимпиада чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын. Дегенмен бұл кездесудің спорттық емес, коммерциялық сипатта болатынымен келісетінін жасырмады.
Бұған дейін Данияр Елеусінов актерТоқтармен ықтимал жекпе-жектің спорттық құндылығы жоқ екенін ашық айтқан еді.
"Иә, Даниярдың айтқанымен келісемін. Бұл жекпе-жекте спорттық мән жоқ, бірақ коммерциялық қызығушылық бар. Олимпиада чемпионымен бір рингке шығу – мен үшін үлкен мәртебе", – деді ол.
Актер шынайы чемпиондардың, Елеусіновтің деңгейін жақсы түсінетінін айтты.
"Спорттық жағынан маған да аса қызық емес. Ал коммерциялық тұрғыдан жақсы табыс табуға болады. Бір-екі раунд шыдап беруге шамам жетеді. Ол мені күліп жүріп ұрады. Иә, таяқ жеймін. Бірақ ақша табамын", – деді Еркебұлан Тоқтар.