2025 жылы шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан Елеусінов медиялық деңгейі жоғары қарсыласпен жұдырықтасуға қарсы емес екенін айтты. Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтар – Қазақстандағы ең танымал ММА бойынша төбелескіштердің бірі. YouTube-тегі SauBall арнасына берген сұхбатында Данияр Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.
Алайда Олимпиада чемпионы бұл кездесудің спорттық емес, тек коммерциялық маңызы барын ашық айтты.
– Танымал спортшылар медиа-файтерлермен Америкада жиі төбелесіп жатады. Еркебұлан Токтармен жекпе-жек өткізгіңіз келе ме?
– Егер табыс тұрғысынан алсақ – иә. Ал спорттық тұрғыдан қызығушылық жоқ. Өйткені ол жеңе алмайды, – деді Елеусінов.
34 жастағы қазақстандық боксшы мұндай жекпе-жек оның спорттық мансабына ешқандай құндылық қоспайтынын, бірақ табыс пен медиялық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті.
– Америкада блогерлермен жиі жекпе-жек өтеді ғой. Сізге де сондай формат қызық па?
– Тек табыс үшін болса – иә. Ал спорттық тұрғыда мағына жоқ, – деп нақтылады ол.
Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізді. Өзбекстан астанасында өткен бокс кешінде ол жергілікті спортшы Тимур Никулинмен қолғап түйістіріп, бірінші раундтың 72-секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ал Данияр Елеусинов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Вашингтон қаласында шаршы алаңға шықты. Ол филиппиндік боксшы Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
«Ол жеңе алмайды»: Данияр Елеусінов спортшы ретінде Еркебұлан Тоқтардың шамасы орташа екенін айтты
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов танымал актер әрі поп-ММА жұлдызы Еркебулан Тоқтармен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы 1bol.kz -ке сілтеме жасап. 2025 жылы шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан Елеусінов медиялық д

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов танымал актер әрі поп-ММА жұлдызы Еркебулан Тоқтармен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·