Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Олар білімді, жауапкершілігі жоғары»: орыстарды мақтау арқылы өзге ұлттарды кемсіткен ZTB паблигінің иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

ZTB паблигінің иесі әлеуметік желіде қазақстарды кемсітетін жазба қалдырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Соңғы уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдықтың күшеюі байқалады. Мен – жергілікті ұлттың өкілі ретінде мойындаймын, орыстарға деген көзқарасым ерекше.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Олар білімді, жауапкершілігі жоғары»: орыстарды мақтау арқылы өзге ұлттарды кемсіткен ZTB паблигінің иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
ZTB паблигінің иесі әлеуметік желіде қазақстарды кемсітетін жазба қалдырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Соңғы уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдықтың күшеюі байқалады. Мен – жергілікті ұлттың өкілі ретінде мойындаймын, орыстарға деген көзқарасым ерекше. Көп жағдайда қандай да бір мәселе туындаса, дәл соларға жүгінемін – техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия секілді салаларда.Өйткені оларды білімді, жауапты әрі тұрақты деп санаймын.Шынымды айтсам, тұрмыста оларсыз маған қиын.Ал фотода ортасында тюбетейка киіп тұрған менмін», - деп жазған Марғұлан Тұрсынов.
Бұл жазбасына қатысты белгілі PR маманы, журналист, публицист Айбар Олжай оны сотқа берді.
«ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсынов жазған "они более образованные, ответственные и стабильные" деген формулировка бір ұлтты бір ұлттан жоғары қою болып тұр. "Превосходство арийской расы" деген Гитлер фашизмінің идеологиясы тура осылай құрылған. Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабын бұзуы мүмкін. Осыны тексеру бойынша жаңа ғана Бас прокуратураға мәліметтерді қосып, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды», - деді Айбар Олжай.
 

Ұқсас материалдар

«Олар білімді, жауапкершілігі жоғары»: орыстарды мақтау арқылы өзге ұлттарды кемсіткен ZTB паблигінің иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін · Todayinfo