Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Олимпиада алтыны үшін 123 млн теңге: Шайдоров қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медаль алса, 123,7 миллион теңгеге жуық сыйақы алады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Олимпиада алтыны үшін 123 млн теңге: Шайдоров қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Көркем сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында жеңіске жетсе, мемлекеттен 123,7 миллион теңгеге жуық сыйақы алады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің бекіткен бұйрығына сәйкес, Олимпиаданың алтын медалін иеленген спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Қазіргі бағаммен есептегенде бұл сома шамамен 123,7 миллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстанның қысқы спорт түрлері бойынша басты үміттерінің бірі. Сарапшылар оның 2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында жүлдеге ілігуге мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар