Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

«Тек иә дегенің иә»: Еуропарламент келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп санауды ұсынды

Еуропарламент келісімсіз кез келген жыныстық қатынасты зорлау деп тануды ұсынды. Резолюцияны 447 депутат қолдады, 160 қарсы дауыс берді, 43 депутат қалыс қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
«Тек иә дегенің иә»: Еуропарламент келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп санауды ұсынды
📷 Дереккөз: orda.kz

Еуропарламент келісімсіз кез келген жыныстық қатынасты зорлау деп тануды ұсынды. Резолюцияны 447 депутат қолдап, 160 қарсы дауыс берді, 43 депутат қалыс қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Депутаттар Еуропалық Одақ бойынша зорлаудың бірыңғай анықтамасын бекіткісі келеді. Бұл анықтама ерікті келісімнің болмауына негізделеді. Құжатта үнсіздік, қарсылықтың болмауы, «жоқ» деген сөздің айтылмауы, бұрынғы келісім немесе кез келген қарым-қатынас келісім деп саналмайтыны атап көрсетілген.

Неке де, бұрынғы қарым-қатынас та жыныстық қатынасқа автоматты түрде құқық бермейді. Қазіргі уақытта ЕО елдерінде әртүрлі тәсілдер қолданылады. Кейбір мемлекеттер «тек иә дегенің иә» моделі бойынша жұмыс істейді, ал басқаларында зорлық немесе қауіп фактісін дәлелдеу қажет. Бұл тергеу мен сот процестерін қиындатады.

«Зорлаудың көпшілігін таныс адамдар, үй жағдайында, физикалық зорлықсыз жасайды, ал жәбірленушілер қарсылық көрсетудің орнына жиі үрейден есеңгіреп қалады. Заң ұзақ уақыт бойы зорлаудың не екендігі туралы мүлдем қате түсінікке негізделді», — деді еуродепутат Абир Әл-Сахлани.

Еуропалық зерттеулерге сәйкес, ЕО-дағы әйелдердің шамамен 5% 15 жастан кейін зорлаумен бетпе-бет келген. Бірыңғай тәсілдің болмауы жыныстық зорлық-зомбылықпен күрестегі басты проблемалардың бірі болып саналады. Енді Еурокомиссия нақты заң ұсынуы керек. Бірақ бұл кезең ұзаққа созылуы мүмкін. Бірқатар елдер қылмыстық құқық ұлттық деңгейде қалуы керек деп мәлімдеді.

Ұқсас материалдар

«Тек иә дегенің иә»: Еуропарламент келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп санауды ұсынды · Todayinfo