2026 жылғы 1 маусымда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Орал қаласының прокуратурасы мен Полиция басқармасы бірлесіп «Атамекен» балалар лагерінде жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шараға 200-ге жуық бала қатысты. Мамандар қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолды қауіпсіз кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелдерін дұрыс пайдалану, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді тағудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.
Теориялық бөлімнен кейін балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, көрнекі құралдарды пайдалана отырып жол қозғалысы ережелері бойынша сұрақ-жауап өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жолдағы қауіпсіздік дағдыларын дамытуға және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.




