Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей көз жұмды

24 маусым күні БҚО ПД ғимаратында полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жібергені белгілі болды. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 21 жастағы азаматты облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер екі тәулік бойы тәртіп сақшысының өмірі үшін күрескен. Алайда ол есін

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей көз жұмды
24 маусым күні БҚО ПД ғимаратында полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жібергені белгілі болды. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 21 жастағы азаматты облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер екі тәулік бойы тәртіп сақшысының өмірі үшін күрескен. Алайда ол есін жимай, ауруханада жан тапсыды.
«Науқас 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.  

Ұқсас материалдар

Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей көз жұмды · Todayinfo