Оралдық дәрігер әкімдікті сотта жеңіп шықты
Орал тұрғыны әкімдікті пәтер беруде шарасыздық танытты деген айыппен сотқа беріп, жеңіп шықты. Ол әкімдіктің әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруді талап еткен, деп хабарлайды Todayinfo. БҚО облыстық сотының мәліметіне сәйкес, әйел 33 жылдан бері дәрігер болып

Орал тұрғыны әкімдікті пәтер беруде шарасыздық танытты деген айыппен сотқа беріп, жеңіп шықты. Ол әкімдіктің әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруді талап еткен, деп хабарлайды Todayinfo.
БҚО облыстық сотының мәліметіне сәйкес, әйел 33 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеген. Бірақ осы уақытқа дейін оның үйі болмаған. Соңғы 15 жыл бойы пәтер жалдап келген. Бұған дейін тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік қордан қызметтік пәтер алуы керек болған. Дегенмен комиссия шешімі әлі орындалмаған.
Сотта тараптар келісімге келді. Енді 31 желтоқсанға дейін әйелге бір немесе екі бөлмелі пәтер берілуі керек. Егер орындалмаса, әкімдікке 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·