Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Отанымды сатпадым»: Ангелина Лукас азаматтығын ауыстыру үшін қомақты ақша ұсынылғанын айтты

IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 2021 жылы Олимпиада алдында басқа елдерден ірі қаржылық ұсыныстар алғанымен, Қазақстаннан бас тартпағанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас Токио Олимпиа

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Отанымды сатпадым»: Ангелина Лукас азаматтығын ауыстыру үшін қомақты ақша ұсынылғанын айтты
IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 2021 жылы Олимпиада алдында басқа елдерден ірі қаржылық ұсыныстар алғанымен, Қазақстаннан бас тартпағанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас Токио Олимпиадасы алдында азаматтығын ауыстырып, басқа елдердің атынан жарысқа қатысу туралы ұсыныстар алғанын хабарлады. Алайда спортшы бұл ұсыныстардан бас тартып, өз еліне адалдығын көрсетті.
«2021 жылы Токио Олимпиадасы алдында маған екі елден ірі келісімшарт ұсынылды. Паспорт ауыстырып, сол елдердің атынан Олимпиадаға қатысуымды сұрады. Ұсынылған сома – бірнеше миллион доллар. Бірақ мен отанымды сатпадым, әрі сатпаймын да», – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кету керек, Ангелина Лукас Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетпеген. 2023 жылы Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысу ұсынысын алғанымен, кәсіби жекпе-жектерінің тығыз кестесіне байланысты бас тартқан.

Ұқсас материалдар

«Отанымды сатпадым»: Ангелина Лукас азаматтығын ауыстыру үшін қомақты ақша ұсынылғанын айтты · Todayinfo