Отбасы банк тағы да сынның астында: Ұзын-сонар кезегі халықты әбден титықтатты
Отбасы банктің бөлімшелерінде таңғы 5-тен кезекке тұрған халық кешкі 18:00-де ғана менеджердің алдына зорға жетіп жатыр - цифрландыру дамыған заманда мұндай жағдайға жол беру барып тұрған масқара. Ролик авторы айтқандай, таңертең барған клиент кешке бір-ақ шыққан, ал банк базасы

Отбасы банктің бөлімшелерінде таңғы 5-тен кезекке тұрған халық кешкі 18:00-де ғана менеджердің алдына зорға жетіп жатыр - цифрландыру дамыған заманда мұндай жағдайға жол беру барып тұрған масқара. Ролик авторы айтқандай, таңертең барған клиент кешке бір-ақ шыққан, ал банк базасы жиі “қатып”, жүйе жұмыс істемей, адамдар сағаттап босқа күтіп тұр, деп хабарлайды Todayinfo.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Наурыз мерекесі, Әскери баспана мен әскери қызметкерлердің жылдық төлем құжаттары кезекті тіпті ұзартып жіберген.
Пікір қалдырғандардың бірі “Отбасы банкке барсаң, шаруақ бітпейді, бүкіл күнің кетеді” деп ашуын жасырмады. Тағы бір клиент “сағат 5-те келіп кезекке жазылдық, ал 9-да ашылған банкке кіргенде 6–7-ші болып қалдық” деп жағдайдың қаншалықты ретсіз екенін көрсетеді.
Алайда менеджерге кіруге келгенде бәрі қайта тұралап, бір сұрақ қою үшін жұрт ұзын арқан, кең тұсауға ілініп отыр.
Әкімдіктер мен мемлекеттік құрылымдар цифрландыруды дамыту туралы жиі айтып жүрсе де, қарапайым халық Отбасы банк бөлімшесінде әлі күнге дейін өткен ғасырдағыдай азаппен кезек күтіп тұр.
Фото: скрин
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·