Алматыда отбасылық жанжалдан кейін үйінен шығып кеткен ер адамды екі айдан бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
1990 жылы туған Бауржан Олжас 19 наурызда жоғалып кеткен. Ол Әуезов ауданы, Таугүл-3 шағын ауданы, Мұхамеджанов көшесі, 71 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы – 190 сантиметр, орташа дене бітімді, шашы қара, аздап ағарған, көзі қоңыр.
Жоғалған күні киімі белгісіз.
Іздеушілер жоғалған адам болуы мүмкін барлық жерді тексергенін атап өтті. Алайда ешқандай нәтиже болмаған.
Олжас, егер сіз қазір осы хабарламаны оқып отырсаңыз, бізбен кез келген ыңғайлы жолмен байланысыңыз. Немесе осы парақшаның дайректіне жазыңыз. Немесе +77051053131, +77013759291 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз. Сізді іздеп жатыр, сізді күтіп жатыр, туыстарыңыз, жақындарыңыз бен достарыңыз сіз үшін алаңдауда. Сізді жақсы көретін және қадірлейтін жандарға қарай қадам жасаудан қорықпаңыз. Кейде бір қоңырау бөтеннің қайғысын және шексіз күту көз жасын тоқтата алатынын түсініңіз. Қайда болсаңыз да – тірі екеніңізді хабарлаңыз. Сізді үйде өте қатты күтіп отыр.




