«Елімізге арнайы уақыт тауып келгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз жұмыс істегіміз келеді. Бұған күмәніңіз болмасын», – деді Пәкістан премьер-министрі.Сонымен қатар, ол екі елдің энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті барын айтты. Шахбаз Шариф екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша нақты әрі елеулі ілгерілеу қажет екеніне назар аударды. Келіссөздер соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел халықтарының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ортақ мүдделі екендерін растады. Фото: Әлеуметтік желіден
«Сенімді серіктестік орнатқымыз келеді»: Пәкістан премьері Тоқаевқа уәде берді
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадта президент Тоқаевты қабылдап, Қазақстанды стратегиялық серіктес деп атады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадта ерекше құрметпен қарсы алып, екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне қадам басуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Шахбаз Шариф Қазақстанның Пәкістан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·