Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Пәкістан "Талибанға" ашық соғыс жариялады: Кабул мен Кандагарға соққы берілді

Пәкістан Ауғанстанның Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларына әуеден соққы беріп, "Талибан" үкіметіне ресми түрде соғыс жариялады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Пәкістан "Талибанға" ашық соғыс жариялады: Кабул мен Кандагарға соққы берілді

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы жағдай шиеленісіп, Исламабад Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларындағы әскери нысандарға әуеден соққы берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ауғанстанның жоғарғы басшысының баспасөз хатшысы Забихулла Моджахед Пәкістанның әскери әрекетін растады. Алайда ол шабуылдан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

"Пәкістан армиясы Кабул, Кандагар және Пактияның кейбір аудандарына әуеден соққы жасады. Бақытымызға орай, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", — деп жазды Забихулла Моджахед X әлеуметтік желісінде.

Ал Пәкістан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Мошарраф Заиди бұл әрекеттің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, ауғандық жасақтармен шекарада болған қақтығыстар салдарынан Пәкістан тарапынан 133 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.

Сонымен қатар, Заиди пәкістандық әскерилердің шабуыл нәтижесінде қарсы тараптың екі корпус штабын, үш бригада штабын, оқ-дәрі қоймаларын, 80-нен астам әскери техникасын, соның ішінде танктер мен бронетранспортерлерді жойғанын хабарлады.

Осы оқиғалардан кейін Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабадтың Ауғанстандағы "Талибан" үкіметіне ресми түрде "ашық соғыс" жариялайтынын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Пәкістан "Талибанға" ашық соғыс жариялады: Кабул мен Кандагарға соққы берілді · Todayinfo