Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Пара көлемі 8 млн теңге»: Екі ай ғана басшы болған Құлбаев қамауға алынды

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Айбол Құлбаевқа пара алды деген айып тағылды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлім етті. Агенттіктің дерегінше, Құлбаев Олимп

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Пара көлемі 8 млн теңге»: Екі ай ғана басшы болған Құлбаев қамауға алынды
Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Айбол Құлбаевқа пара алды деген айып тағылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлім етті. Агенттіктің дерегінше, Құлбаев Олимпиадалық резервтің мамандандырылған республикалық мектеп-интернатын басқарған кезінде кәсіпкерден мемлекеттік сатып алуға байланысты келісімшарт жасау үшін 8 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікпен тергеліп жатыр.
«2025 жылдың 24 сәуірінде соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда», – деді Биғайдаров брифинг барысында.
Өткен наурызда Құлбаевтың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Сол кезде Антикор оның күдікті емес, қорғау құқығына ие куәгер ретінде танылғанын жария еткен. Фото: apems.edu.kz

Ұқсас материалдар