Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Павлодар облысында жойқын дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр

Павлодар облысында болған жойқын дауыл салдарынан Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық елдімекендерде ондаған ғимаратқа залал келді, деп хабарлайды Todayinfo . «Ақжол» метеостанциясының мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетіп, өңірдің инфрақұрылымына а

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Павлодар облысында жойқын дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр

Павлодар облысында болған жойқын дауыл салдарынан Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық елдімекендерде ондаған ғимаратқа залал келді, деп хабарлайды Todayinfo.

«Ақжол» метеостанциясының мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетіп, өңірдің инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірді.

Дауылдан кейінгі алғашқы күннен бастап көптеген үйлер мен кәсіпорындар электр жарығынсыз қалды. Жарықсыз қалған тұтынушылар саны келесідей:

  • Ақсу қаласы: 105 жеке, 3 заңды тұлға;
  • «Ақсу» ықшам ауданы: 129 жеке, 4 заңды тұлға;
  • Қалқаман ауылы: 237 тұтынушы;
  • Еңбек ауылы: 109 адам;
  • Құркөл ауылы: 66 адам;
  • Омаров ауылы: 139 адам.

Төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде:

  • 14 электр бригадасы жұмысқа тартылған;
  • Қосымша көмек Май, Ақтоғай, Ертіс аудандары мен Павлодардан келген;
  • 60-тан астам адам қираған нысандарды, құлаған ағаштар мен шатыр қалдықтарын тазартуда;
  • 18 арнайы техника пайдаланылуда;
  • Электр мамандары тұрғындар өтініштеріне жедел жауап беріп, жұмыс толық аяқталғанша үздіксіз еңбек етуде.

Ұқсас материалдар

Павлодар облысында жойқын дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр · Todayinfo