Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Павлодарда қарақшылар банктің қабырғасын бұзып кірген

Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. 11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті, – делінген полиция мәліметінде. Оқиға орнында т

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Павлодарда қарақшылар банктің қабырғасын бұзып кірген
Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті, – делінген полиция мәліметінде.
Оқиға орнында тергеу-оперативтік тобы жұмыс істеп, мән-жай мен себептерді анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ бұл жағдайға банк өкілдері де түсінік берді.
11 қарашада таңертең банкке сағат 22:00-ден 23:00-ге қараған түні белгісіз адамдардың Павлодардағы Halyk бөлімшесіне (Естай көшесі, 40 мекенжайы бойынша) кіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Halyk филиалының қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарына қолдау көрсетті, – деп мәлімдеді банк өкілдері.
Осы орайда банктің баспасөз қызметі көпшіліктен жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұрады. Өйткені жалған мәлімет полицияның тергеу жүргізуіне кедергі келтіруі мүмкін.  

Ұқсас материалдар

Павлодарда қарақшылар банктің қабырғасын бұзып кірген · Todayinfo