Павлодарда салынып жатқан көпір өртеніп кетті
Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірде өрт шықты. Жалын ошағы 30 метр биіктікте орналасқандықтан, құтқару жұмыстары қиынға соқты.

Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірдің құрылыс алаңында ірі өрт болды. Жалын ошағы шамамен 30 метр биіктікте тұтанған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру техникасы мен құтқарушылар тобы дереу жеткен. Биіктікке байланысты жалынды сөндіру жұмыстары біраз қиындық тудырған.
Дегенмен, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың көпірдің басқа бөліктеріне таралуына жол берілмеді. Қызыл жалын қысқа уақыт ішінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·