Павлодардағы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» студенттерге ашық есік күнін өткізді
Жол саласына жастарды тарту – назардағы маңызды бағыт. Павлодардағы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» бұл міндетті жыл сайын жүйелі түрде атқарып келеді. Филиал зертханасы студенттер үшін ашық алаңға айналып, мұнда тұрақты түрде Ашық есік күндері өтеді. Жуырда орталықта Торайғ

Жол саласына жастарды тарту – назардағы маңызды бағыт. Павлодардағы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» бұл міндетті жыл сайын жүйелі түрде атқарып келеді. Филиал зертханасы студенттер үшін ашық алаңға айналып, мұнда тұрақты түрде Ашық есік күндері өтеді.
Жуырда орталықта Торайғыров университетінің 1-курс студенттері болды. Олар жол құрылысына қажетті негізгі материалдардың – асфальт, битум, құм-шағал қоспаларының – сапасы зертханада қалай тексерілетінін өз көзімен көрді. Студенттер керн үлгілерін зерттеп, қиыршық тас пен топырақтың қасиеттерін анықтап, битумға тәжірибелік сынама жүргізді.
Университет оқытушылары мұндай іс-шаралар студенттерге теорияны нақты өндіріс жағдайымен ұштастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл – мамандыққа деген қызығушылықты арттырып, саланың маңызын терең түсінуге жол ашатын тиімді әдіс.
Бүгінге дейін филиалда 35 студент өндірістік тәжірибеден өтіп үлгерді.
1-курс студенті Айзере Нұрмағамбетованың айтуынша, зертханадағы жұмыс оған үлкен әсер қалдырған:
«Лаборатория өте заманауи. Мамандар барлығын түсінікті әрі қызықты түсіндірді. Мұнда тәжірибеден өту – мен үшін үлкен мүмкіндік. Жол саласының болашағын айқын көрдім», – дейді ол.
Мемлекет те жас жолшыларға айрықша үміт артып отыр. Ел бойынша қозғалыс қарқыны жоғары жолдар көп, ал оларды дамыту жұмыстары үнемі жалғасуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөндеуден өтіп жатқанын атап өткен болатын. Ел тарихында мұндай көлемде жұмыс алғаш рет жүргізіліп отыр.
«Облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа деңгейде жөндеу бағдарламасының маңызы зор. Сондықтан оның ауқымын кеңейтіп, кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын», – деді Президент.
Жыл басынан бері Павлодар филиалының мамандары республикалық және жергілікті жолдарға 610 рет шығып, 120 нысанды тексерген. Зертханаға түскен мыңдаған сынаманың ішінде 1939 үлгі сараптамадан өтіп, 249 ақау анықталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·