Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Павлодарлық 94 жастағы қария қажылыққа жиналған ақшасын сырқат балаларға бөліп берді

Павлодар қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатқан 94 жастағы Сағадат Жұмабаев есімді қария қажылыққа арнап жылдар бойы жинаған қаражатын сырқат балалардың аналарына бөліп берді. Бұл туралы әлеуметтік желіде кеңінен тараған ақпарат елдің жүрегін елжіретті,деп хабарлайды  Today

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Павлодарлық 94 жастағы қария қажылыққа жиналған ақшасын сырқат балаларға бөліп берді

Павлодар қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатқан 94 жастағы Сағадат Жұмабаев есімді қария қажылыққа арнап жылдар бойы жинаған қаражатын сырқат балалардың аналарына бөліп берді. Бұл туралы әлеуметтік желіде кеңінен тараған ақпарат елдің жүрегін елжіретті,деп хабарлайды Todayinfo.

Ақсақалдың айтуынша, зейнетақысының бір бөлігі ғана жеке есепшотына түсіп отырады — шамамен 62 мың теңге. Қалған қаражатты мемлекеттік мекеме басқарады. Соған қарамастан, Сағадат ата қажылыққа жиналған 3 миллион 600 мың теңге жеке қаражатын қайырымдылыққа арнаған.

Бұл сома жүріп-тұруы қиын, сал болып туған 30 баланың анасына бөлініп берілген. Әр анаға — 120 мың теңгеден.

«Артынан алды жақын абыз қария осындай көмегін жасауда. Мұңсыз қоғам жоқ, үнсіз қоғам бар. Үнсіз қалмайық!» – деп жазды игі іске куә болғандар.

13 жылдан бері қарттар үйінде тұрып жатқан қарияның туыстары жоқ. Алайда оның ізгілікті ісі қоғамға үлкен ой салып отыр. Жасы тоқсаннан асса да, жүрегі ел деп соққан абыз ата — қайырымдылық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Ұқсас материалдар

Павлодарлық 94 жастағы қария қажылыққа жиналған ақшасын сырқат балаларға бөліп берді · Todayinfo