Алматыда аялдамада зейнеткер әйелді аяусыз ұрып-соққан 26 жастағы ер адам қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, сот санкциясымен күдікті қамауға алынған. Тергеу органы арестке санкция сұраған – прокуратура мен сот қолдаған.
Еске салайық, 23 сәуірде әлеуметтік желілерде жас жігіттің аялдамада тұрған кәрі әйелге жұдырықпен, ал ол құлаған соң аяғымен басынан ұрған видео жарияланған еді. Зейнеткердің қызы әлеуметтік желіде жігіттің анасына еш себепсіз шабуыл жасағанын жазған.
Полиция күдіктіні анықтап, оның ұсталған сәтін видеоға түсірген. Бұрын ер адам кісі өлтіру және қажетті қорғаныс шегінен асып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған. Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырып, минималды қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберген, сондай-ақ жазасын өтеу орны бойынша психиатрдың амбулаториялық мәжбүрлеп бақылауы мен емі тағайындалған. 2018 жылы ер адам шизофрения белгілерімен өткір полиморфты психотикалық бұзылыстан өткені белгілі болды.




