Құдыққа құлаған бала әкесін көмекке шақырып үлгерген. "Люкті басып, ол бірден құлап, суға бата бастады, қандай да бір ғажайыппен ол шығып: "әке, көмектес"деп айқайлады. Сол кезде ағасы құдыққа кіріп, оны ұстап , шығарып алды", - деп жазды зардап шеккен баланың туысы. Ол сон
Құдыққа құлаған бала әкесін көмекке шақырып үлгерген.
"Люкті басып, ол бірден құлап, суға бата бастады, қандай да бір ғажайыппен ол шығып: "әке, көмектес"деп айқайлады. Сол кезде ағасы құдыққа кіріп, оны ұстап , шығарып алды", - деп жазды зардап шеккен баланың туысы.
Ол сондай-ақ қорыққан сәбиге жәрдемдескен базар қызметкерлеріне алғысын білдірді. Өз кезегінде олар құрғақ киім мен аяқ киім беріп, есеңгіреген сәбидің киімін ауыстырып, жылынуға көмектескен. Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Ескерту жазылды. Мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді",-деді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай - ақ, полицейлер қала тұрғындарына облыс орталығының аумағында ашық кәріз құдықтары табылған жағдайда бұл туралы жауапты мемлекеттік органдарға, атап айтқанда Петропавл әкімдігінің iKomek диспетчерлік қызметіне дереу хабарлауды сұрады.