Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

PIN-UP казиносының иелеріне халықаралық іздеу жарияланды: Олар кімдер?

Қазақстанда заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен АҚШ азаматы Дмитрий Дружинский мен Украина азаматы Марина Левковичке іздеу салынды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
PIN-UP казиносының иелеріне халықаралық іздеу жарияланды: Олар кімдер?

Қазақстанда заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдік азаматқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер – 1970 жылғы АҚШ азаматы Дмитрий Дружинский мен 1985 жылғы Украина азаматы Марина Левкович (Гинзбург). Сот оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу деректері бойынша, олар шетелдік компаниялар арқылы «PIN-UP» және «PINC» брендтерімен танымал онлайн-казино желісін басқарған. Айыпталушылар қызметкерлерді жалдауды, банктермен және төлем жүйелерімен жұмыс істеуді, сондай-ақ ақшаны қабылдау мен шығарудың күрделі құрылымын құруды үйлестіргені анықталды.

Өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін олар букмекерлік қызметке лицензиясы бар «Bonami» компаниясын пайдаланған. Сонымен қатар казино пайдаланушыларының ақша аударымдарын өңдеу үшін бірнеше төлем мекемесін тіркеген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

PIN-UP казиносының иелеріне халықаралық іздеу жарияланды: Олар кімдер? · Todayinfo