Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Полиция АҚШ азаматтарына туыстары туралы мәліметті тауып берді

Қызылорда облысында полиция АҚШ-тан келген ерлі-зайыптыға туыстары туралы мәліметті тауып берді, деп хабарлады Polisia.kz. Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінген. Оның әкесі – ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Полиция АҚШ азаматтарына туыстары туралы мәліметті тауып берді
Қызылорда облысында полиция АҚШ-тан келген ерлі-зайыптыға туыстары туралы мәліметті тауып берді, деп хабарлады Polisia.kz. Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінген. Оның әкесі – ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария ауданы) және ол 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған. Облыстағы полиция мұрағатында шетелдік азаматтың өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмысы жүргізілді.
"1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде әкем Қазақстанда тұрған. Мұны мен 2022 жылы білдім. Ата-анам Польшадағы нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәлімет болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар – менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейінгі өмірінен біршама мағлұмат алдық", – деді Джефф Шайнгольд.
Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті. Айта кетейік, облыстық полиция департаментінің мұрағатында 30 мыңнан аса құжат сақталған.  

Ұқсас материалдар