Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкентте полиция басшысы ауысты
Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қатыгездікпен өлтірілуі үлкен дауға ұласты. Полицияның салғырттығы үшін қалалық департамент басшысы қызметінен босатылды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешімге Нұрай Серікбайдың қатыгездікпен өлтірілуі және полиция қызметкерлерінің салғырттығы себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, 11 қаңтарда Шымкент тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Қайғылы оқиғадан бұрын күдікті оны үнемі қорқытып, аңдып жүргені белгілі болды. Марқұмның ата-анасы полицияға арызданғанымен, сол кезде қылмыстық іс қозғалмаған.
Осы жағдайдан кейін президенттің тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеріс бастады. Нәтижесінде департамент басшысы қызметінен алынып, басқа қызметкерлердің үстінен «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·