Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев дәуіріндегі басқарушылардың жаңа буынының өкілі: сарапшы кадрлдық өзгерістерге баға берді

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жаңа қызметке тағайындалуы сарапшылар арасында талқылануда. Бұл Тоқаевтың жаңа басқарушылар буынын қалыптастырудағы қадамы ретінде бағалануда.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Тоқаев дәуіріндегі басқарушылардың жаңа буынының өкілі: сарапшы кадрлдық өзгерістерге баға берді

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, бұл тағайындау соңғы жылдардағы трендтің көрінісі. Президент Тоқаев өңірлерде тәжірибеден өткен мамандардан өзінің кадрлық резервін қалыптастыруда. Бұл қатарға Жеңіс Қасымбек, Дархан Сатыбалды және Нұрлыбек Нәлібаевты жатқызуға болады.

«Облыс әкімі ретіндегі тәжірибе басқарушыға жан-жақтылық береді, оған кең мемлекеттік тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Бұл жаңа тәжірибе емес. Кезінде Иманғали Тасмағамбетов, Даниал Ахметов, Бақытжан Сағынтаев, Серік Ахметов, Асқар Мамин үкіметке әкімдік жұмыстан кейін келген», — деп атап өтті сарапшы.

Әбішевтің айтуынша, Нәлібаев — Тоқаев дәуіріндегі басқарушылардың жаңа буынының өкілі. Президент алға қойылған міндеттерді нақты орындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ және саяси ойындарға араласпайтын адамдарды бағалайды.

Соңғы жылдары Қызылорда облысы айтарлықтай инфрақұрылымдық өзгерістер жүргізіп, жасампаз көшбасшылар қатарына енді. Ресми мәліметтер бойынша, облыс бюджеті 809 млрд теңгеге дейін өсті. Соңғы үш жылда шамамен 1,6 трлн теңге инвестиция тартылды. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция өсімі 250%-ды құрады.

Облыс орталығы да айтарлықтай өзгерді. Қызылордада қуаты 240 МВт болатын жаңа Жылу электр орталығы, «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы салынды. 2022 жылдан бері 6900 орындық 10 жаңа мектеп пен 43 білім беру нысаны, 11 мың орындық стадион және 24 спорт кешені пайдалануға берілді.

Ендігі басты сұрақ — Нәлібаев өңірдегі нәтижелі жұмысын республикалық деңгейде көрсете ала ма, жоқ па, сонда.

Ұқсас материалдар

Тоқаев дәуіріндегі басқарушылардың жаңа буынының өкілі: сарапшы кадрлдық өзгерістерге баға берді · Todayinfo