Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Понаехали эти... мамбеты»: жазушы, журналист Баян Алагөзованың қазақтарды жек көретінін жазды

Өздеріңді («мамбеттерді») жек көретін адамды өлердей әңгіме ғып не болды сонша?

Авторы Айдар Керім··3 мин оқу
«Понаехали эти... мамбеты»: жазушы, журналист Баян Алагөзованың қазақтарды жек көретінін жазды
📷 Жеке мұрағат

Белгілі жазушы, журналист Сәкен Сыбанбай қазір ел аузынан түспей жүрген Баян Алагөзованың қазақтар жайлы айтқан ауыр сөзін еске алды. Оның сөзінше, продюсер шындығында қазақтарды жек көрген. Ал қазір аңқау ел өздерін жек көрген, күйеуінің көзіне шөп салса да, Қыз Жібектің камзолына иелік етіп, өзінің жарнамасын асырған әйелді үлгі тұтып, тамсанып келеді. Жазушы оның әрекетін аямай сынға алды, деп жазады Todayinfo.kz. 

«БАЯНСЫЗ... ӨМІР Баян Есентаева туралы жазбаймын деп ем... Шыдадым біраз күн. Болмады. Себебі бар.

Сұлу шығар, актриса шығар, әнші шығар, продюсер-ұйымдастырушы шығар, басқа да ырғын тірлігі бар шығар, Меруерт Өтекешоваға күн сайын мың доллар беріп тұратын шығар, апайдың айтулы қамзолын сыйға тартқан шығар, және қырық қамзол, отыз орамал берер – бірақ осы қыз маған жақпай-ақ қойды. «Жұлдыздар отбасында» жүргенімде бір-ақ рет сөйлескем. Әрине, орыс тілінде. Сондағы бір ауыз сөзі жетеді маған. Жек көруге.

– Мы тихо-мирно жили в прекрасном районе Алматы. А потом... понаехали эти... мамбеты, – деген.

Осы сөзді кешіре алмаймын. Ол ҚАЗАҚТІЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫ жек көреді», - деді жазушы.  

Оның сөзінше, елді жек көретіні Баянның бүкіл сұхбатынан, сөзінен, көзінен көрініп тұрады.

«Әрине, кейінгі кезде жасырыңқырауға тырысады. Пәле ғой. Бірақ қайдағы... бәрібір білінеді. Одан бері он алты жыл өтіпті ғой, Баянның ойы өзгерген шығар? дейсіз бе? Ха. Ромен Роллан айтпақшы, «адам өзгермейді, қалай туды – солай өледі». Сондықтан Баян не істеп жатыр, «кто она такая» – мені қызықтырмайды.

ҚАЗАҚЫ ҚАЗАҚТЫ жек көретін адам – мен үшін ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ.

Ормандай орыс Алла Пугачеваның әр тірлігін талқылап жатса, Алла – орыс өнері үшін зор еңбек сіңірді ғой. Талқылауға тұрады.

Ал Баян ҚАЗАҚ ӨНЕРІ үшін не істепті? Сіздер талқылайтындай?», - деп ашынды журналист.

Сәкен Сыбанбайдың сөзінше, оның түсірген фильмдері айтарлықтай аса жоғары талғамға жатпайды.

«Гүлназы бар (бір фильмде), майда-шүйде комедиядағы рөлдері бар. Сондай майда-шүйдені түсіргені де бар шығар. Бірақ сіздер талқыға салатындай не істеді? Ол Әмина Өмірзақова ма еді? Фарида Шәріпова ма еді? Бикен Римова ма еді? Не көрінді соншама баяншылап? «Біз кімді талқылап отырмыз өзі?» деген ой қазандай бастарыңызға кіріп шықпай ма?

Баянға керегі – сіз сияқтылар. Оның да өз есебі бар. Подписчик жинайды. Оқырман көбейтеді. Өзі жек көретін «мамбеттерді» мейлінше пайдаланады. Өйткені ол да ақымақ емес. Әлеуметтік желіде қазақтілді контент басым болып бара жатқанын біліп отыр. Не, ол Меруерт апайды керемет жақсы көреді дейсіздер ме? Екеуі де – Жайықтың қыздары. Әпкесіне жақсылық жасаған боп, пиар қыла салды. Меруерт те, қамзол да емес, өзі – бас кейіпкер! Өйткені өзіне внимание керек. Өліп бара жатыр. Ал Қазақстандағы орыстілді ортада қазір Баянды Баян-ау дейтін жан аз қалды. Сондықтан да қазақтілді ортада ойнағысы келеді. Назар аңсайды», -деді жазушы.

 

Оның сөзінше, бұл парадокс. ҚАЗАҚТЫ жек көретін адамды сол ҚАЗАҚ талқыла-а-ап отыр. Басқа тірлігі жоқтай.

«Әй, «понаехавшие мамбеттер-ау», талқылаймын десең қазақы әнші жоқ па? Ерлан Төлеутайдың шетелден жүлде алып келгенін талқыламайсыңдар ма? Мұрат Әбуғазы мен Еркін Шүкіманның еңбегін көремісіңдер өзі? Одан қалса, ай сайын абақтыға түсетін, төрт ай сайын төбелесетін әншің жоқ па? Математик балаларың әлемдік олимпиададан жүлде алып келеді – жүз лайк жоқ ана жерде! Ғылымда, білімде әйтеуір әрекет қып жүрген, жетістікке жеткен қанша адам бар.

Өздеріңді («мамбеттерді») жек көретін адамды өлердей әңгіме ғып не болды сонша?

Берік Жүсіп бастаған өрелі достарымды жақсы түсінемін, олар Баянды емес, марқұм әкесі – ғажап музыкант, өнер білгірі Мақсат Мұхитдиновті құрметтейді. Сол құрметті қызына да ауыстырғысы келеді. Мақсат ағаны мен де сыйлаймын. Бірақ қызын емес.

Қазақстан деген ел – ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛІ. Қазақ қазақты талқыласа екен. Қазақты жек көретін адамды емес.

Баянсыз өмір бар ма осы елде?) Барайын сол жаққа...», - деді Сәкен Сыбанбай.

Ұқсас материалдар