«Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Президент еліміздегі этностар мен конфессиялар арасындағы татулық пен өзара түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі тірегі екенін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматқа зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеп, Пасха мерекесі әр шаңыраққа махаббат пен шаттық сыйлауын тіледі. Фото: Ақорда
Президент Пасха мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы барша христиан қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Президент өз құттықтауында Пасха мерекесінің рухани тазару мен жаңаруға үндейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мейрам діндар жан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы барша христиан қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент өз құттықтауында Пасха мерекесінің рухани тазару мен жаңаруға үндейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мейрам діндар жандарға үміт сыйлап, қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатқанының символдық мәні зор екенін жеткізді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·