Президенттің қызы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы — Мун Да-хе алаяқтық ісі бойынша тергеуге алынды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі. Кореялық YonhapNews агенттігінің жазуынша, Сеул қаласындағы Содэмун ауданы полициясы осыдан үш жыл бұрын өткен акция үшін президенттің қызы

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы — Мун Да-хе алаяқтық ісі бойынша тергеуге алынды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.
Кореялық YonhapNews агенттігінің жазуынша, Сеул қаласындағы Содэмун ауданы полициясы осыдан үш жыл бұрын өткен акция үшін президенттің қызын қамауға алған. Ол 2022 жылдың желтоқсанында қайырымдылық аукционын ұйымдастырып, түскен қаражатты коммерциялық емес ұйымға аударуға уәде еткен. Алайда, полицияның айтуынша, бұл қаражат уәде етілген мекемеге аударылмаған. Мун Да-хе шамамен 30 суретшінің еңбектерін жинап, солардың туындыларын аукционда сатқан.
Қазіргі уақытта Мун Да-хе күдікті ретінде ұсталды.
2024 жылдың қазан айында ресми шағым түсіп, осыдан кейін тергеу басталған. Полиция Мун Да-хенің және аукцион жеңімпаздарының банк шоттарын да тексеріп жатыр.
Бұған дейін, 2025 жылғы 17 сәуірде, ол мас күйінде көлік жүргізіп, тұрғын үйді Airbnb платформасы арқылы заңсыз жалға бергені үшін 15 миллион вон (шамамен 10 800 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлеген болатын.
Фото: Tsuguliev/Shutterstock/FOTODOM
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·